"24 ақпан күні өткен брифингте Түркістан қаласына 30 жылдамдық өлшегіш пен 26 көше қиылысына орнатылған “Сергек” жылдамдық өлшегіш құрылғыларының іске қосылатыны айтылған еді. Аталған бейнебақылау камераларының бүгіннен бастап іске қосылғанын хабарлаймыз", – деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінде.
Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы Тауке-хан, Саттарханов даңғылдарымен, Қызылорда тас жолы “Газпром” АЗС тұсында, Кентау тас жолы, Атабай тас жолы, Балтакөл тас жолы, Шымкент тас жолдарында.
Сондай-ақ Жібек Жолы, С. Ерубаев, Б. Майлин, Майкотов, Самара М32 Шымкент, С. Қожанов, Қарадауов, Мега орталығы тұсында, Қазыбек би, Жарылқапов, Алтынсарин, О. Жандосов, Тәуелсіздік 10 жылдық, Бірлік, Шекті Тілеу батыр, Әл-фараби, Сандыбай көшелері қиылыстарындағы бейнебақылау камералары жұмыс істемек.
Ендігі кезекте, көлігіңіздің жарығы жағылмаса, қауіпсіздік белдігі тағылмаса, жылдамдықты асырсаңыз қандай да бір жол қозғалысы ережесі бұзылса, мұның барлығы бейнебақылау камераларының назарынан тыс қалмайды.
Осы тұста Түркістан облысының полиция қызметкерлері әрбір жүргізушіге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.