Түркістанда шаруалар қырыққабат жинап жатыр

410

Қазір шаруа қырыққабаттарды Тараз және Қарағанды қалаларына апарып сатып жатыр. 

Түркістанда шаруалар қырыққабат жинап жатыр Фото: Түркістан облысының баспасөз қызметі

Түркістан облысына қарасты Келес ауданының диқандары қыстың алғашқы айында ашық алқаптағы қырыққабат өнімін жинап жатыр. Мәселен, Ошақты ауылындағы шаруа қожалық 3 гектар аумаққа қырыққабаттың Бухарест сортын егіп, 120 тонна өнім жинады.

Шаруа қожалығының төрағасының айтуынша, Оңтүстік өңірдегі күн райының жылылығы шаруалардың мол өнім алуына үлкен мүмкіндік болып тұр.

Айта кетейік, Келес ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі осы жылдың тоғыз айында 56,6 млрд теңге болған. Сонымен қатар 80-ге жуық ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылып, ағын су жүйесі тазартылды. Нәтижесінде суармалы жер көлемі артып, Келес ауданы көкөніс өндіруде облыс деңгейінде үздіктер қатарынан көрінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу