Түркістанда шұбат өндіретін зауыт салынады

1259

Түркістанда шұбат өндіретін зауыт салынады

Түркістан қаласында қымыз бен шұбат өңдеу зауытының іргетасын қалау рәсімі өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 60 қадамын орындау мақсатында осы жобаны бастама етіп көтерді, деп хабарлады министрліктің ресми сайты.

Өңдеу зауыты отандық "Вторметалсервис" компаниясымен жүзеге асырылатын болады. Ол Қытайдың "Голден Кэмел групп" компаниясының инвестицияларын тартты.

Осындай нысаны салу еліміздің өңделген өнім экспортын жоғарылатуға мүмкіндік береді де болжанған. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 33 000 тонна.

Жобаны іске асыру мультипликативті әсерін береді. Яғни, осы маңды мекендейтін ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерін ішінара шешуді көздейді. Сондай-ақ, түйе шұбатынан дәрі-дәрмек өндірісін және ОҚО-ғы сүтті дайындау жөнінде ауыл шаруашылық кооперацияны дамытуға серпін береді.

Анықтама: Қазіргі уақытта "Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы" заңын іске асыру барысында 564 ауыл шаруашылық кооперативі тіркелген. Оның ішінде 81 ауыл шаруашылық кооперативі сүтті дайындау мен сатуға бағытталған. Бұл дегеніміз жылына 8,0 мыңнан астам ЖҚШ тарта отырып, 40 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік болады деген сөз. Кооперативтерді құруды қаржыландыру үшін "Жұмыспен қамиту жол картасы" шеңберінде 31,8 млрд. тенге көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу