Түркістанда шұлық шығаратын кәсіпорын іске қосылды

1106

Бұл жобаның құны – 1 млрд теңге. 

Түркістанда шұлық шығаратын кәсіпорын іске қосылды Фото: Түркістан облысының баспасөз қызметі

Түркістандағы "TURKISTAN" индустриалды аймағында шұлық және шұлық бұйымдарын шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Бұл Қазақстан мен Қытай инвесторларының бірлескен жобасы, деп жазады inbusiness.kz сайты Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кәсіпорын күніне 32 мың жұп шұлық шығаруға қауқарлы. 30 жұмыс орны ашылған. Облыс әкімдігінің қолдауымен инвесторларға арнайы жер ұсынылған. Өндірістік браунфилд ғимаратымен қамтылған.

Инвесторлар шұлық фабрикасы толық қуатына жеткен соң Түркістанда костюм шығаратын жобасын да жүзеге асырмақ. Бұл жобаға 2,8 млрд теңге инвестиция салынады. Күніне 500 костюм тігіледі деп күтіліп отыр. Бүгін аталған жоба да таныстырылып, өнімдер жұртшылық назарына ұсынылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу