Түркістанда синтетикалық есірткіні жасырын зертханада өндіргендер ұсталды

176

60 кг-нан астам психотроптық затттар анықталды. 

Түркістанда синтетикалық есірткіні жасырын зертханада өндіргендер ұсталды Фото: ҚР ҰҚК

Түркістан облысында синтетикалық есірткіні жасырын зертханада өндіргендер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

11 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертханасының қызметін тоқтатты.

Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде 2 жергілікті тұрғын ұсталды.

60 кг-нан астам психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған жабдықтар алынды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр (көрсетілген қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу