Түркістанда су тасқынынан көпір құлады

164

Абай ауылының маңындағы Жаңақорған өзенінде су деңгейі кенеттен көтерілген.  

Түркістанда су тасқынынан көпір құлады Фото: Видеодан скриншот

Қауіпті аймақтан барлығы 29 адам көшірілді. Оның ішінде 8 бала бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Түркістан облысындағы демалыс орындарының бірінде табиғаттың тосын мінезінен оқшауланып қалған демалушылар аман-есен эвакуацияланды.

Құтқарушылар судың күшті ағысына қарамастан, адамдарды қауіпсіз жерге жеткізді.

Абай ауылының маңындағы Жаңақорған өзенінде су деңгейі кенеттен көтерілген. Нөсер жауынның салдарынан демалыс орнына апаратын жалғыз топырақ жолды су шайып кетіп, адамдар екі ортада қалған. Жолдың қирауы салдарынан демалушылар өз бетінше қайта алмай, көмекке жүгінген.

Ауыл тұрғындарының ақпаратына сүйенсек, аймақта су арнасынан тасып, көпір қираған.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары күрделі жағдайда жұмыс істеген. Өзен арнасындағы ағыстың қаттылығы мен жолдың мүлдем істен шыққан. Мамандар арнайы өткел ұйымдастырды.

 "Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылының арқасында зардап шеккендер жоқ. Барлық эвакуацияланған азаматтар Түркістан қаласына аман-есен жеткізілді", – деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу