Түркістанда суши жеген 22 адам уланды

196

Олардың барлығы ауруханаға жатқызылды.  

Түркістанда суши жеген 22 адам уланды Фото: canva.com

Астан уланғандардың жағдайына қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркістан қаласында 22 адам сушиден уланып, ауруханаға түсіп қалды. Аталған асқа деген құмарлардың қазір жағдайлары жақсы. Ешқандай шағымдары жоқ.

Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Түркістан қалалық орталық ауруханасына 22 науқас жатқызылды. Оларға "Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай" диагнозы қойылған. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайлары қалыпты. Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарға жатқызылып, ем тағайындалды, дәрі-дәрмек жеткілікті", - делінген хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу