Жедел-іздестіру шаралары барысында Түлкібас ауданы аумағындағы "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" тас жолында Audi C4 автокөлігін тоқтатты.
Тінту кезінде автокөлік салонынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар бір қап пен бір полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.
Сараптамаға сәйкес тәркіленген есірткі жалпы салмағы 10 келіден асатын "кептірілген марихуана" болып шықты. Күдіктінің бұрын сотты болғаны, жеке тасымалмен айналысатыны, Жамбыл облысының тұрғыны екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.