Түркістан облысының Төле би ауданында таулы аймақта аяғын қайырып алған әйелге құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Қасқасу ауылдық округіндегі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, теңіз деңгейінен 2150 метр биіктікте болған. 1981 жылы туған азаматша тауда жарақат алған.
Зардап шеккен әйелді қауіпсіз жерге түсіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының бес құтқарушысы мен екі техникасы жұмылдырылды.
Құтқарушылар әйелді таудан түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Зардап шегушінің жағдайы қалыпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу