Түркістан облысында тойда уағыз айтқан 66 жастағы ер адам ұсталды

618

Бұған дейін қылмыстық іс қозғалған болатын.    

Түркістан облысында тойда уағыз айтқан 66 жастағы ер адам ұсталды Фото: polisia.kz

Түркістан облысында тойда ерсі уағыз айтқан 66 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұған дейін хабарланғандай, әлеуметтік желілерде Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының жария айтқан сөздері түсірілген бейнежазбаның таралуына байланысты діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Ведомство Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде бекітілгенін еске салды.

"Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, жынысына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға байланысты кез келген кемсітуге тыйым салынады (16-бап). Сонымен қатар сөз бостандығы басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқпауға тиіс, ал діни және әлеуметтік араздықты насихаттауға жол берілмейді (23-бап)", – делінген хабарламада.

ІІМ адамның қадір-қасиетін қорлайтын, әйелдерді кемсітетін, діни немесе әлеуметтік араздықты қоздыратын не қоғамдық келісімді бұзуға бағытталған кез келген жария мәлімдемелерге заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетінін ескертеді.

Айта кету керек, бұған дейін тойдағы даулы уағыздан соң қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз.

Бұл жағдайға қатысты кеше Президент әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қарин тойда ерсі уағыз айтқандарға қатысты пікір білдірді. Мүфтият оқиғаға қатысты түсінік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу