3 қыркүйек күні жер қойнына тапсырылған науқас қарияны тіпті келінінің де қорлап келгені анықталған-ды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Көпшілікті дүр сілкінткен жайтқа қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы Шардара ауданына қарасты Қоссейіт ауылының тұрғыны 2025 жылдың 2-сінен 3 қыркүйегіне қараған түні көз жұмғанын мәлім еткен.
– Туыстары дер кезінде хабарламағандықтан, медициналық қызметкерлер тарапынан қайтыс болу туралы анықтама берілмеген. Қазір мәйітке эксгумация жасалып, сараптама жүргізіліп жатыр. Қорытындысы шыққан соң қосымша мәлімет ұсынылады, – делінген басқарма ұсынған ақпаратта.
Дәрігерлер нақты өлім себебін сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққаннан соң ғана хабарлай алады. Марқұм қария тірі кезінде "I11" және "M42" диагнозымен динамикалық есепте тұрған. Дене жарақаттары бойынша медициналық көмекке жүгінбеген әрі шағым түсірмеген.
Бірнеше күн бұрын туған әкесіне "Есек, тұр аяғыңды бас, жүр!" деп ұрып-соққан ер адам ұсталған еді.