Түркістан облысының туристік нысандарына саяхат жасау уақытша тоқтатылды. Бұл шара халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау және вирустың таралуының алдын алу үшін жасалып отыр, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Түркістан облысында 600-ден аса тарихи және мәдени ескерткіш бар.
"Коронавирус инфекциясының кең таралмауының алдын алу мақсатында қонақүйлер мен мейрамханалар, хостелдер, тамақтану орындары, шипажайлар және басқа да халықтың көп шоғырланатын, туристік сервис ұсынылатын орындарда қатаң түрде санитарлық нормаға сай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы Түркістан облысында орналастыру орындарының саны 219 нысанды құрайды. Оның ішінде қонақ үйлер – 168, санаторийлер мен профилакторийлер –51. Казіргі кезде Сарыағаш ауданында 47 шипажай ғана жұмыс істеп тұр. 34 нысан төтенше жағдай орын алганға дейн жолдама алган азаматтарға қызмет көрсетуде",– деген хабарлама таратты баспасөз қызметі.