Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елімізде жаңа жоғары оқу орны ашылатынын мәлімдеді.
"Орталық Азияның ежелгі қалаларының бірі – Түркістанда туристік индустрияның кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында халықаралық туризм және спорт университеті ашылады. Жаңа оқу орны Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналуға тиіс. Университет туризм, спорт, қолөнер және реставрация саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлайды", – деді Ақтоты Райымқұлова.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу