Түркістанда түркілерге ортақ сәулет нысаны салынуы мүмкін

968

Бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерді.  

Түркістанда түркілерге ортақ сәулет нысаны салынуы мүмкін

Президент өз ойын Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қазіргі заманда гуманитарлық және академиялық ықпалдастықтың өзектілігі артып келеді. Іргетасы орта ғасырда қаланған Түркістан шаһары археологиялық және ғылыми тұрғыда әлі толық зерттелген жоқ. Сондықтан ТҮРКСОЙ мен Түркі академиясының Түркістан өңірінде археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге баса мән беруі өте орынды. Мұнан бөлек, тамырластық символы ретінде Түркістанда халықтарымызға ортақ сәулет нысанын салсақ құба-құп", – деді Мемлекет басшысы.

Қанат Махамбет

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу