Реэлторлардың таратқан деректеріне қарағанда, жер мен үйдің бағасы орташа есеппен алғанда, 20-30 пайызға қымбаттаған.
Бүгінгі күні шамамен алғанда үйдің бір шаршыметрі Шымкентте 100-200 мың теңге шамасында болса, ал Түркістанда одан екі есе арзан. Ал соңғы айдың шамасында Түркістандағы баға Шымкентті қуып жетуге шақ қалған. Бұл түсінікті де шығыр. Өйткені Түркістанның тарихи маңызы артты.
Қазіргі таңда Түркістанда жөндеу көрмеген бір бөлмелі үй 4 миллион, жақсы сақталған екі бөлмелі пәтер 8 миллион теңге, ал үш бөлмелі пәтер 9-12 миллион теңгенің шамасында. Сарапшылар Түркістан қаласында 10 сотық жер орташа есеппен алғанда, 2,5-3 миллион теңгенің деңгейінде екенін айтады.
Жергілікті биліктің айтуынша, жаңа шаһар шырайлы болып, шығыстық стильде салынады. Үйдің биіктігі 5 қабаттан аспайды. Өйткені қаланың жан-жағынан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі көрініп тұруы қажет.