Түркістан облыс орталығы мәртебесін алғаннан бері жылжымайтын мүліктің құны аяқ астынан құбылып шыға келді. Осыған дейін қараусыз жатқан жер телімдерінің өзі 1 млн теңгеге қымбаттады, деп хабарлады TVK телеарнасы.
Телеарнаның мәлімдеуінше, адамдар қаладан қашық орналасқан 10 сотық жерге 2,5 млн теңге сұрап тұр. Ал қалаға кіреберістегі жер телімдерін 3 млн теңгеден сатып жатыр.
Яссы шағынауданында осыған дейін 500 мың мен 1 млн теңгеге сатылған жер телімдерінің бағасы 3 есе өсіп кеткен.
"Танысым бос жерді 4 млн теңгеге сатып алды. Бұл Түркістан үшін өте қымбат баға", - деді қала тұрғыны Ақерке Мамбеталиева.
"Түркістанда 2 бөлмелі пәтер 3,5 млн мен 20 млн теңге арасында саудалануда. Үй жалдаудың құны тәулігіне 3-5 мың теңге болып тұр", - деп мәлімдеді TVK телеарнасы.