Түркістанда ұлттық аспап – домбыра ұлықталды

679

Түркістан облысының құрылғанына үш жыл толуына орай "Домбыра үнімен бой көтерген жаңа Сауран" атты күйшілер флешмобы өтті, деп inbusiness.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Түркістанда ұлттық аспап – домбыра ұлықталды

Шараның басты мақсаты – қазақтың күйі арқылы тарихы терең, сырын талай ғасыр ішіне бүккен Сауран қалашығының жаңа таңы атқанын, енді ғана құрылған Сауран ауданының жаңа дәуірі басталғанын насихаттау.

ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған, әйгілі ортағасырлық қалалардың бірі - Сауран қалашығында өткен шараның ерекшелігі - отыздан астам күйшінің рауандап атқан таңмен таласа ұлттық аспап – домбырамен қазақ халық күйлерін орындағаны еді.

Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен домбыраны ұлықтау шарасында өнерпаздар тобы Түркештің "Көңіл ашарын", Құрманғазының "Балбырауынын", Динаның "Науысқы" күйлерін орындады.

Атап өтейік, 2018 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойып, шілденің бірінші жексенбісі елімізде Ұлттық домбыра күні деп белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу