Түркістанда Ұлттық құрылтай өтті

1165

Қазақ тілі ғылым тіліне айналмай көсегесі көгермейді.

Түркістанда Ұлттық құрылтай өтті Фото: Ашық дереккөзден

Техника тілі қазақыланбай ана тілдің мәртебесі туралы айту артық. Бұл туралы бүгін Түркістанда басталған ұлттық құрылтай отырысында академик Асқар Жұмаділдаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Осымен екінші рет ұйымдастырылған жиында ана тілдің мәселесінен бөлек экономика, білім, мәдениет және кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер сөз болды.

Ұлттық құрылтайға қатысуға келген делегаттар бүгін өз мәселелеріне қарай үш секцияға бөлініп пікір алмасты. Мәселен, түске дейін өнер, мәдениет, руханият және қоғамдық консалидация тақырыбын қаузауға келгендер тізе қосса, түс ауа білім және ғылым саласы бойынша айтары бар азаматтар кездесті. Әр отырыста олар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылпды.

Мәселен, Парламент мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов ауыл шаруашылғы және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдаулардың мақсатсыз жұмсалып жатқанына тоқталды. Оның айтуынша біздегі жеңілдіктер қазір ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр. Сондықтан оның барлығын тоқтату керек. Оның орнына, төмен пайызбен несие берген жөн дейді.

"Сонда кім жұмыс істегісі келеді, кім өзінің кәсібін ашқысы келеді, кім шаруашылықпен айналысқысы келеді!? Соның 4-5 пайызбен несие алуға мүмкіндігі болса, онда бізде ары қарайда мемлекетіміздің дамуыда орнына келеді деп мен ойлаймын", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов.

Ал, академик Асқар Серікұлы қазақ тілін дамыту үшін түрлі тіл оқыту курстарына ақша бөлуді тоқтату керек деп есептейді. Оның орнына ана тілді техника тіліне айналдыруға тырысуымыз керек дейді.

Сондай-ақ, бүгінгі отырыстарда спорт, мәдениет, білім саласындағы өзекті мәселелер де талқыланды. Атап айтқанда Назарбаев зияткерлік мектептеріне әлеуметтік жағынан осал топ балаларының оқуы үшін арнайы жеңілдіктер қарастыру, әскердегі әлімжеттіктің алдын алу үшін қоғамдық бақылауды күшейту жайлы айтылды. Жиынның негізгі отырысы ертең өтеді. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып баядама жасайды деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу