Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды

94

Түркістан облысының прокуратурасы "Ветеринариялық қызмет" ШЖҚ МКК қызметінде 928 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру схемасын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды Фото: canva

2022-2025 жылдар аралығында Ветқызметтің басшылары мен жауапты қызметкерлері сатып алулар (тауарлар, қызметтер және т.б.) барысында төлем тапсырмаларына көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы 928 млн теңгені негізсіз және заңсыз аударған.

Атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілеріне ақша аудару кезінде өздерінің ЭЦҚ-ларын пайдаланып, заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында төлем тапсырмаларында бірдей бизнес субъектілерінің ЖСН-дарын енгізіп, тек атауларын өзгертіп отырған.

Нақтысында кәсіпкерлік субъектілері тарапынан Ветқызметке қызметтер көрсетілмеген және тауарлар жеткізілмеген.

Лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері салдарынан мемлекетке ірі көлемде залал келтірілген.

Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасы материалдарды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігімен СДТБТ-ге тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын арнайы прокурорлар (облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы) жүргізіп жатыр.

– 26 наурызда 4 лауазымды тұлға (Ветқызметтің екі бұрынғы басшысы, орынбасары және бас бухгалтері) күдікті деп танылып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта басқа да лауазымды тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу