Түркістанда заманауи спорт кешені ашылды

1032

Түркістанда "Олимпиада орталығы" заманауи спорт кешені ашылды. Ашық бассейні бар спорт кешенінде тек қана балалар мен жасөспірімдер үйірмелері жұмыс істеп қана қоймай, олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар оқу-жаттығу жиынын өткізе алатын мүмкіндігі бар, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Түркістанда заманауи спорт кешені ашылды

Балалар мен жасөспірімдер спортқа аяқ басқан осындай алғашқы кешендердің бірі осыдан 8 жыл бұрын Түркістан қаласында салынған болатын. ҰОК Президентінің бұқаралық және балалар спортын дамытуға бағытталған бұл бастамасы жалғасын тауып, дамып, қазіргі таңда заманауи олимпиадалық нысандар бой көтерді.

Аумақтың жалпы ауданы 3,8 га, спорт кешенінің ауданы 15 мың шаршы метрді құрайды. Кешеннің негізгі бөлігін 1 000 көрерменге арналған трибунасы бар әмбебап спорт залы алып жатыр, сонымен қатар командалық спорт алаңы, күрес және бокс залдары, үстел теннисі залы, көркем гимнастика және хореография залдары, йога залы бар. Орталықтың спорт залы толық жабдықталған, тіпті ұлттық құрамаларды да жаттықтыру үшін жоғары талаптарға сай. Сондай-ақ заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған "PRO SPORT" медициналық орталығының филиалы да қарастырылған. Онда спортшылар мен қала тұрғындары жарақаттан кейін емделіп, оңалту шараларын жүргізеді. Сондай-ақ спорт кешенінде 300 орындық трибуналары бар 9 жолақты әмбебап олимпиадалық стандартты ашық бассейн бар.

Кешен тек спортпен айналысатын орын ретінде ғана емес, сонымен қатар келушілерге  демалу орталығы ретінде мұнда массаж бөлмелері, хаммам және сауна қарастырылған. Алдағы уақытта үлкен конференц-залда іскерлік кездесулер, семинарлар мен оқу іс-шараларын өткізуге болады.

Сонымен қатар спорт кешенінде сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдарды орналастыруға бейімделген 81 адамды бір уақытта орналастыруға арналған жайлы бөлмелері мен кафесі бар ауданы шамамен 2 500 шаршы метрді құрайтын жеке қонақ үй ғимараты бар.

Кәсіпкер Данияр Абулғазин 2018 жылдың соңында Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың бизнес өкілдерімен кездесуінде спорт кешенін салу туралы бастама көтерген болатын. Нысанның құрылысы 2019 жылы басталған. Жобаны қаржыландыру көзі – Т. Құлыбаев пен Д. Абулғазиннің қаражаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу