Түркістанда заңсыз оқ-дәрі сататын дүкен анықталды

748

Дүкеннен 2 мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді.

Түркістанда заңсыз оқ-дәрі сататын дүкен анықталды Фото: polisia.kz

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемде заңсыз оқ-дәрілер сату, сақтау қылмысының жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде облыс орталығында заңсыз оқ-дәрі сататын дүкенді анықтады. Жедел уәкілдер сауда дүкеніне қатысты тиісті ақпараттар жинақтап, тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде оқ-дәрілерді сатып, сақтаумен айналысатын бір ер адам, бір әйел анықталған. Ал, олар жұмыс істеген дүкеннен 2 мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді. Оның ішінде, 990 данасы 16 калибрлі аңшылық мылтыққа арналған болса, 15 келі бытыра және бір дыбыс тұншықтырғыш, сонымен қатар дүкен қоймасынан 12 қорапта жалпы 925 оқ алынды. Сондай-ақ, сатушы әйелдің үйінен 9 мм VALTRO-COMBAT газдық тапанша тәркіленді.

Аталған оқиға ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу