Оқиға Алматы–Ташкент–Термез автожолында тіркелген. Ақпарат патрульдік полиция қызметкерлеріне беріліп, олар көлікті тоқтатуға әрекет жасаған. Алайда жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай, қашып кетуге тырысқан.
Тәртіп сақшылары оны көп ұзамай қолға түсірді.
Тексеру кезінде көлік тізгінінде Жаңа Тұрмыс ауылының 26 жастағы тұрғыны отырғаны белгілі болды. Жүргізуші жалған мемлекеттік нөмір пайдаланғаны, қажетті құжаттарсыз көлік басқарғаны және полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен ол 5 тәулікке қамауға алынып, 40 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа орналастырылды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы талаптарын сақтап, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынуға шақырды.