Бұл облыс аумағындағы осындай екінші орталық. Бұған дейін тұрғындар жүргізуші куәлігін алу үшін көрші облысқа немесе Шымкент қаласына баруға мәжбүр болған.
Жаңа автодром Түркістан маңындағы Қазақстан 30 жылдығы ауылында ашылды. Мұнда көлік жүргізушілер теориялық және тәжірибиелік емтихан тапсыра алады, деп жазады inbusiness.kz.
Кешен 1 гектар аумақты алып жатыр. Маманданырылған ХҚО-да автокөлік жүргізушілер B, C1 және D1 санаттары бойынша емтихан тапсырады.
Орталықта тұрғындарға автокөлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және емтихан сыныбы бойынша қызметтер көрсетіледі. Сондай-ақ, тұрғындардың электрондық үкімет қызметтерін өз бетінше алуына да жағдай жасалған.