Түркістанда жаңа туристік аймақ бой көтереді

854

Тұрғын үйлер шығыстық үлгімен салынып, биіктігі 3 қабаттан аспайтын болады.

Түркістанда жаңа туристік аймақ бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев "Әзірет Сұлтан" қорық-мұражайы аймағы маңындағы Ортақ елдімекеніне барды. Онда өңір басшысы жаңадан бой көтеретін туристік аймақ жобасымен танысты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Әзірет Сұлтан" қорық-мұражайы аймағы маңындағы Ортақ елдімекенінен Ясауи кесенесі жақсы көрінеді. Дәл осы аймақтан жаңа туристік аймақ салу қажет. Тұрғын үйлер шығыстық үлгімен салынып, биіктігі 3 қабаттан аспайтын болады. Сондай-ақ, сол қаланы қақ жаратын өзен жүргізіп, айналасына көлшіктер жасау керек. Бұл қаладағы ылғалдылықты арттырады. Туристер үшін арнайы этноауыл да орын тебетін болады. Тиісті басқармаларға құрылысты бастау үшін арнайы зерттеу жүргізіп, құжаттамаларын әзірлеуді тапсырамын. Сонымен қатар, барлық инфрақұрылым мәселелері шешілетін болуы тиіс", – деді Өмірзақ Естайұлы.

Бұдан соң облысы әкімі Түркістан қаласының кіреберіс қақпасына аялдады. Онда алдағы уақытта қаланың шырайын ашатын ғимараттар бой көтеру қажеттігін тапсырды.

"Түркістан қаласының кіреберіс қақпасы көрікті болуға тиіс. Облыс орталығына келген туристер әуелі жаңа қаланы көріп, кейін көне қаламен қауышуы қажет. Сол үшін қаланың қақпа тұсында заманауи ғимараттар бой көтеруі керек", – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, облыс орталығындағы сапар аясында өңір басшысы қаланы суландыру жүйесімен, жасыл желек жұмыстарымен таныс болып, бірқатар тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу