Түркістанда жасырын цех табылды

520

Онда танымал маркадағы кір жуғыш заттар заңсыз өндірілген.   

Түркістанда жасырын цех табылды Фото: polisia.kz

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 4 күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Цех орналасқан тұрғын үйден 8 тоннадан астам контра-фактілік заттар тәркіленді.

Жасырын цехты ұйымдастырушы Өзбекстан азаматы екені анықталып отыр. Өзгелері жергілікті тұрғындар болып шықты.

Үй ауласын тінту кезінде 200-дей қаптамаға оралған әрқайсы 40 келі тартатын ұнтақ зат табылған.

Сондай-ақ электронды таразы, тығыздағыш құралдар мен өзге де айғақ заттар тәркіленді. Қазір материалдар облыстық экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу