Түркістанда жолақы қымбаттайды

309

Қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Түркістанда жолақы қымбаттайды Фото: inbusiness.kz

Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, қалада жолаушылар тасымалы төлемақысының сараланған жүйесі енгізіледі. 

Оған сәйкес, жолақы:

электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 70 теңгені; 

ал қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 100 теңгені құрайды. 

Қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Айта кетейік, Түркістан облысы жолақы мөлшері ең төмен өңірлердің бірі. Қазірге дейін Түркістан қаласында жолақы мөлшері 50 теңге болған.

Еске салайық, 2019 жылы қаладағы жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелер жолақысын 70 теңгеге дейін көтеруді сұраған болатын. Алайда, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мекемесі жақын уақытта жолақы бағасы өспейтінін мәлімдеген.

Құжат 17 қарашаға дейін қоғам талқылауында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу