Түркістандағы базар өртіне байланысты азаматтардан 600-ге жуық арыз-шағым тіркелді

604

Түркістан облысындағы базар өртіне байланысты азаматтардан 600-ге жуық арыз-шағым тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Түркістандағы базар өртіне байланысты азаматтардан 600-ге жуық арыз-шағым тіркелді

Жетісай қаласындағы базар өртінен кейін полицейлер халыққа барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Десек те, бір түнде барынан айырылған саудамен айналысатын тұрғындар өз наразылықтарын білдіруде. Олар бүгін сағат 11:05-те М. Әуезов көшесінің бойында жиналып, жолды жапқан болатын. Полицейлер қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірден әрбір тұрғынмен түсіндірме жұмысын жүргізіп, нәтижесінде бір сағаттан соң азаматтар үйлеріне тарқады.

Қазіргі таңда аудандағы жағдай тұрақты. Полицейлер жолдарды, базар аумағын бақылауға алып, қызмет етуде. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары өрттің салдарынан мүліктері жарамсыз болған кәсіпкерлердің шығындары бойынша арыздарын қабылдауда. Қазірдің өзінде полицияға 600-ге жуық арыз тіркелді.

Естеріңізге сала кетсек, 26 тамызда 03:00 шамасында Жетісай қаласындағы “Күлпаршын ана” базары өртке оранған болатын. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндірушілермен қатар, 300-ден астам полицей тартылды. Аталмыш полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен қылмыстардың алдын алу бағытында қызмет етуде.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу