Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған медициналық мекеме жеке кәсіпкердің демеушілігімен жұмысын бастады, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Емханада біліктілігі жоғары дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Олардың қатарында эндокринолог-дәрігер, невропатолог, жалпы тәжірибелі дәрігер, УДЗ дәрігері, стоматолог, акушер-гинеколог, фельдшерлер және мейірбикелер бар. Білікті дәрігерлер Түркістан қаласынан тартылған. Жалпы жұмысқа қабылданған мамандардың 70 пайызы – жергілікті азаматтар. Сондай-ақ емханада соңғы үлгідегі УДЗ және рентген аппараттары орнатылған. Жалпы емханаға 50 млн теңге қаржы жұмсалған.
Бұған дейін бас ауырып, балтыр сыздағанда сырқатқа ем іздеп Түркістан, Кентау қалаларына сабылып келген тұрғындар, өз ауылында ем қабылдауға мүмкіндік туғанына дән риза.