Түркістандағы шағын көше Өзбекәлі Жәнібеков есіміне лайықсыз – депутат

1117

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен тарихшы, этнолог Өзбекәлі Жәнібековтың 90 жылдығы қатар келді" деген сенатор Алтынбек Нухұлы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Түркістандағы шағын көше Өзбекәлі Жәнібеков есіміне лайықсыз – депутат

Депутат өз сөзінде үш ұсынысы бар екенін айтты:
1. Түркістандағы тарихи-этнографиялық музей мен Арқалықтағы Дала өлкесі облыстық тарихи музейіне Өзбекәлі Жәнібеков есімін беру және Арыстан баб қорық-музейі маңындағы жабылып қалған Өзбекәлі Жәнібеков музейін жаңартып, қайта қосу;
2. Түркістандағы шағын көше Өзбекәлі Жәнібеков есіміне үйлесімсіз болғандықтан, орталықтағы жаңа кең көшеге есімін беріп, қала орталығына еңселі ескерткішін орнату;
3. Тарихи төрт тұлғаның коптомдық шығармалар жинақтарын жарыққа шығару, өмірлерінен деректі кинотуындылар жасау және жоғары оқу орындарында конференциялар өткізу.

Сенатор бұл істі Мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым министрліктері қолға алатынына сенетінін айтады.

"Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің елтану, мұратану және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаумен өнегелі ғұмыр кешкені, жалпы қазақтану ғылымының қара нарына айналғаны бәрімізге белгілі. Торғай елін түлеткені өз алдына бір бөлек, ол Алаш қайраткерлерін ақтап алу және олардың мұраларын жарыққа шығаруда ұйытқы болды. Қазақстанда 62 жыл бойы тойланбаған Әз Наурыз мейрамының қайта оралуы, халықаралық қазақ тілі қоғамының құрылуы және "Ана тілі" газетінің өмірге келуі де оның есімімен байланысты", – деді сенатор.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу