Түркістандық 500 тонна орамжапырақ Белорусь еліне экспорталды

1117

Ол жақтағы қоймаға түскен қазақстандық экспортты саудагерлер өзге қалаларға жөнелтеді. 

Түркістандық 500 тонна орамжапырақ Белорусь еліне экспорталды

Түркістан облысының шаруаларына өнімдерін экспортқа шығаруға кедергі жоқ, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Хусейн Бабуров атты кәсіпкер жер емген дихандардан 500 тонна орамжапырақ сатып алуға келіскен.Ол алғашқы 200 тонна орамжапырақты жүк көліктеріне тиеп, Белорусь еліне аттандырды.

Әр жүк көлігіне 20 тонна өнім сиятынын ескерсек, күніне 40-60 тонна экспортқа жіберілуде.Ол жақтағы қоймаға түскен қазақстандық экспортты саудагерлер өзге қалаларға жөнелтеді.

Жүк көліктерінің жүргізушілері шекарадан еш кедергісіз өтеді. Бар болғаны тепловизормен дене қызуын тексереді екен.  

Жалпы, Түркістан облысында биыл 300 мың тонна қырыққабат өндіру жоспарланып, онын 250 мың тоннасы экспортқа, 50 мың тоннасы ішкі нарыққа сату көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу