Түркістандық аграршылар әр гектардан 5 млн теңге пайда көрді

604

Жалпы аумағы 5,2 мың га болатын егістіктен 1999 шаруа қожалығы 220 мың тоннаға жуық өнім бастырды, бір маусымда үш рет өнім жиналды.  

Түркістандық аграршылар әр гектардан 5 млн теңге пайда көрді

"Бір егістік алқапта жылына 2-3 өнім өсіру" жобасын бастаған Түркістан облысының аграршылары жақсы пайда түсірді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған жоба биыл 128 ауылдық округте жүзеге асырылды. Жалпы аумағы 5,2 мың га болатын егістіктен 1999 шаруа қожалығы 220 мың тоннаға жуық өнім бастырды, бір маусымда үш рет өнім жиналды. Бір гектардан орта есеппен 5 миллион теңге түсті.

"Тәжірибе көрсеткендей, бұл жоба Түркістан аймағы үшін перспективалы және қолжетімді болды. Ауыл шаруашылығын дамыту – мемлекеттік маңызды міндеттердің бірі. Әр аудан өзінің табиғи жағдайына сәйкес жұмыс жасауы керек", – деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев семинар-кеңесте.

Облыс әкімі тиімді және үнемді технологияларды қолдану арқылы өндірісті ұлғайтуға шақырды. Олардың қатарына Түркістан, Арыс және басқа аймақтарда белсенді түрде жүзеге асырылып жатқан жаңбырлатып суару жатады. Жалпы бұл технологияны 11 мың гектарға енгізу жоспарлануда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу