Түркістандық браконьерлерден көп мөлшердегі балық тәркіленді

Рейдтік іс-шараны полиция қызметкерлері және балық инспекциясының өкілдері жасаған.   

Түркістандық браконьерлерден көп мөлшердегі балық тәркіленді Фото: Бейнежазбадан

Олар "Шардара" су қоймасында балық ресурстарын заңсыз өндіруді тоқтатып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің дерегінше, олар қайық пен балық аулау торларын пайдаланып, заңсыз балық аулаумен айналысқан. Екі азаматтан 264 келі әртүрлі балық, сонымен қатар, қайық және  балық аулау торы тәркіленген. 

– Аталған факт бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданады, – делінген хабарламада. 

Полиция су биоресурстарын заңсыз өндіру фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыра түспек. Сол себепті, сақшылар азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу