"Даму" қорынан қолдау алған түркістандық кәсіпкер жылыжайда 20 тоннадан астам лимон өсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Жылыжай шаруашылығы 3 жыл бұрын ашылған болатын. Ауданы 3 га, оның ішінде 2 га аумақта қызанақ, қияр және голланд раушангүлі өсіріледі.
2016 жылы өсірілетін өнім түрлері ұлғайтылып, кәсіпкер ташкенттік сұрыпты лимон өсірумен айналыса бастады.
"Жылыжайда көкөніс өсіру – еңбекті қажет ететін процесс және технологиялық процесті жай ғана меңгеру аз. Жылыжай көбірек жеміс беруі үшін көкөніс пен жемістің әр түрін өсірудің құпиясын білуі қажет. Жылыжайдағы топырақ органикамен тыңайтылады, ешқандай химия қолданылмайды. Жылыжайда қызанақ пен қияр өсіріледі, ал жыл басынан бастап лимон өсіріле бастады", – дейді "Даму" қорының өкілдері.
Мамандардың айтуынша, жобаны дамытуға алғашында банк жылдық 16%-бен 130 млн теңге бөлген, оның ішінде "Даму" қоры сыйақы мөлшерлемесінің 10%-ын субсидиялайды, ал қалған 6%-ын кәсіпкердің өзі төлейді.
Қарызға алынған қаражатқа жылыжай кешені салынып, ташкенттік сұрыпты лимонның 1 300 көшеті сатып алынды, ол жіңішке әрі тегіс қабығына және шырынды әрі хошиісті мәйегіне байланысты үлкен сұранысқа ие.
Көшеттер осы күзде бір ағаштан 20 лимонға дейін жеміс береді. Күзде 26 тонна өнім алынады деп күтіліп отыр.