Түркістандық кәсіпкерлер тамақтану орындарын ашуға рұқсат сұрап отыр

699

Түркістан облысында 5 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтыған 500-ден аса тамақтану орны бар.  

Түркістандық кәсіпкерлер тамақтану орындарын ашуға рұқсат сұрап отыр

Қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істейтін түркістандық кәсіпкерлер жұмыстарын жандандыруды сұрайды, деп хабарлайды atameken.kz.

Түркістанда қөпшілік тамақтанатын нысандар: кафе, мейрамхана, асханалар, барлар ашылмайтын болды. Оған облыста коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбейіп кеткені себеп болған.

Әлеуметтік желілерде 18 мамырдан бастап қоғамдық тамақтану орындары және спорт залдар ашылады деген хабарламаға сеніп, дайындыққа кірісіп кеткен түркістандық кәсіпкерлер шығынға батқандарын айтып, наразылық білдіруде.

Айта кетейік, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышановтың 24 мамырдағы қаулысына сәйкес эпидемиологиялық жағдайға байланысты көпшілік тамақтанатын орындар ашылуына тыйым салынып, кейінге шегерілген болатын. Дегенмен, қаулыда тамақты тапсырыспен жеткізу бойынша жұмыс жасауларына рұқсат етілген.

Қоғамдық тамақтану саласына қойылған шектеуді алып тастауды ерте санаған әкімдік қызметкерлерінің бұл шешіміне келіспеушілік білдірген бір топ кәсіпкерлер облыстық әкімдікке жиналып, жұмысын жандандыруға рұқсат беруді сұрады. Әкімдік аумағында жоспарсыз өткен жиынға Бас санитарлық дәрігердің өзі келіп, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді. Айтуынша, облыста коронавирус жұқтырғандар саны 300-ден асқан және бұл шектеулер облыста жұқтыру өсімі 7%-дан асқандықтан енгізілгендігімен түсіндірді.          

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан қажетті ұсыныстарды Республикалық санитарлық дәрігерге жеткізіп, кәсіпкерлерді қолдайтындытарын жеткізді.  

"Жалпы, тек қана біздің өңірде ғана емес, еліміздің барлық өңіріндегі кәсіпкерлер бизнестерін қайта іске қосуды талап етуде және ол талап ерекше мәжбүрліктен туындап отырғаны анық. Бұл жағдайда қауіпсіздікті ойлап отырған биліктің де позициясын түсүнуге болады. Алайда, бұл пандемия бір айлық науқан емес. Кәсіпкерлік нысандар қайта іске қосылмаса, шығынға ұшырап, мыңдаған адамдар жұмызсыз қалуы әбден мүмкін. Қазір көптеген бизнес нысандарының құпия түрде қызметін жасап отырғандықтары белгілі болуда. Ол дегеніміз, санитарлық нормалар бақылаусыз қалып, жемқорлықтың пайда болуына жол ашуда",– деген Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нахыпбеков орталықтандырылған режимде келесі шараларды қолдану қажеттілігін айтты:

1. Нақты әрі орындауға мүмкін санитарлық нормаларды барлық салалар бойынша бекіту.

 2. Жылдар бойы толыққанды форматта жүрмей отырған кәсіпкерлердің өзін өзі реттеу (СРО) ұйымдарын құрып, сантарлық нормалардың қалағалануына қатыстыру.

3. Санитарлық нормаларды бұзған азаматтарға, кәсіпкерлік обьектіеріне қатаң талап қою.          

Жақын арада кәсіпкерлердің бұл мәселелері оң шешімін тауып, облыста дәмханалар мен мейрамханалар қызметі қайта жанданады деп күтілуде.  

Айта кетейік, Түркістан облысында 5 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтыған 500-ден аса тамақтану орындары бар.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу