Түркістандық құтқарушыларға жаңа өрт сөндіру көліктері берілді

1320

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті су жаңа техникамен толықты. 

Түркістандық құтқарушыларға жаңа өрт сөндіру көліктері берілді

Төтенше жағдай қызметкерлеріне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев 20 өрт сөндіру автокөліктерінің кілтін табыстады, деп хабарлайды otyrar.kz. Ресейлік зауыттан арнайы тапсырыспен алдырылған техника заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

"Сіздердің еңбектеріңіз адал. Қауіптің бел ортасында жүріп төтенше жағдайлармен тиімді күрес жүргізіп келесіздер. Осы уақытқа дейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздіңіздер. Апатпен күресте жоғарғы кәсібилік және жанқиярлық еңбектеріңізге алғыс айтамыз", — деді құттықтау сөзінде облыс басшысы.

Бүгінгі таңда, өңірде өрт сөндіру қызметінде 167 өрт сөндіру техникасы бар. Оның басым көпшілігі өрт сөндіру автокөліктері де, қалғаны көмекші автокөліктер. Соңғы үш жылда Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 66 бірлік техника алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу