Түркістандық полицейлер 6,6 млн теңге берешегі бар жүргізушіні анықтады

458

Жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының 80%-ы жылдамдық режимін бұзумен байланысты. 

Түркістандық полицейлер 6,6 млн теңге берешегі бар жүргізушіні анықтады Фото: polisia.kz

Автокөлік айыптұраққа қойылды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, патрульдік полиция батальон қызметкерлерінің планшеттеріне "Қорғау – қауіпті жүргізуші" мобильдік бағдарламасы арқылы төленбеген айыппұлдары бар Volkswagen Passat автокөлігі туралы ақпарат берілді.

Тәртіп сақшылары аталмыш көліктің жүрген жерін анықтап, оны Шымкент – Самара тас жолында тоқтатты. Бұл автокөліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес жалпы сомасы 6,6 миллион теңге төленбеген айыппұл бойынша берешегі анықталған. Полицейлер Volkswagen Passat көлігін айыптұраққа қойып, жүргізушімен берешекті уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу