Түркістандық шаруалар ашық алқаптан қырыққабат жинап жатыр

272

Жылына екі өнім алатын кәсіпкер.

Түркістандық шаруалар ашық алқаптан қырыққабат жинап жатыр Фото: Inbusiness.kz

Еліміздің біраз өңірі суықтың құрсауынан босай алмай жатқанда Түркістан облысының шаруалары ашық алқаптан қырыққабат теріп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қыстың көзі қырауда қара жерден өнім терген Келестік дихан шілде айында 3 гектар жерге қырыққабаттың Бухарест сұрыбының көшетін отырғызған. Содан бері, бел жазбай еңбек еткен азамат бүгінге дейін 100 тоннадан астам орамжапырақ жинаған.

Ол, үшін 10-15 азамат күніне ақы алып еңбек етуде. Дайын өнімнің дені Тараз және Қарағанды қалаларының нарығына жөнелтілген. Бір жерден жылына екі өнім алатын кәсіпкер бұйыртса тағы екі айдан кейін ерте пісетін бақша дақылын егуді жоспарлап отыр.

"Мынау қыстың бірінші айында мынау сатып жатырмыз қырыққабатты. Бір келіден 6-7 келіге дейін шығады. Жылына екі рет өнім аламыз. Көктемде ақпанда бастаймыз. Кейін мамырда ол піскен соң сатамыз. Одан кейін жерді айдап тастап, шілдеде қайта егеміз", - дейді шаруа Ермахан Әдиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу