Түркістандық түлек Еуропадағы беделді оқу орындарынан шақырту алды

646

Сондай-ақ, оқушы тағы халықаралық бірнеше оқу орнынан жауап күтіп отыр.

Түркістандық түлек Еуропадағы беделді оқу орындарынан шақырту алды Фото: Түркістан облысы білім басқармасы

Түркістан облысы Келес ауданында орналасқан № 2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбубәкір Арманұлы бірден бірнеше шетелдік жоғары оқу орнынан халықаралық білім гранттарын жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келестік түлекке Франция, Италия, Литва және Малайзия елдеріндегі беделді университеттер білім алу үшін ресми шақырту жолдады. Атап айтқанда, ол Италиядағы "John Cabot University" 50 пайыздық оқу грантына, Франциядағы "American University of Paris" 70 пайыздық оқу грантына, Литвадағы "LCC International University" жартылай оқу грантына және "Xiamen University Malaysia" 4 жылдық толық оқу грантына ие болды.

"Бұл – жылдар бойғы жүйелі дайындық пен сапалы білімнің жемісі деп білемін. Ата-анамның қолдауы мен ұстаздарымның еңбегі үлкен ықпал етті. Әсіресе, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі әрі сынып жетекшіміз Ұлықбек Бердалиевтің кәсіби бағыт-бағдары мен қамқорлығы ерекше болды", – дейді ол.

Әбубәкір Арманұлының жетістіктері мұнымен тоқтап тұрған жоқ. Ол Түркия үкіметінің "Türkiye Bursları" халықаралық шәкіртақысынан, Болгариядағы "American University in Bulgaria", сондай-ақ Оңтүстік Корея университеттерінен де жауап күтіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу