Түркістандық түлектер мұқтаж отбасыларға баспана сыйлады

946

Игі іс Созақ ауданында да жалғасын тапты.

Түркістандық түлектер мұқтаж отбасыларға баспана сыйлады Фото: Өңірлік коммуникация қызметі

20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үй салып беріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Игі іске Созақ, Түлкібас, Ордабасы аудандары мен Түркістан, Кентау қалаларының жастары ұйытқы болды. Мәселен, "Бекзат" шағын ауданының жігіттері мұқтаж отбасыға, яғни 2020 жылы дүниеден өткен достары Жарқынбек Өтеповтің отбасына үй салып берді. Ал Ордабасы ауданы Темірлан ауылының түлектері жалғызбасты көпбалалы анаға 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. 

Игі іс Созақ ауданында да жалғасын тапты. Созақ және Шолаққорған ауылындағы түлектер тарту еткен 2 үй әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілді. Түлкібастық жастар салған баспана жалдамалы пәтерде күнелтіп жүрген жас отбасыларға табыс етілді. 

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында орналасқан А.Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектебінің түлектері өздері білім алған мектепке спорт алаңшасын салып берді. Одан бөлек, білім ордасының ішіне рәміздер алаңын жасап берген. 
Өңірде түлектердің тартуы әліде жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу