Түркістандық ұстаздар Франция, Малайзия, Финляндияда білімін жетілдіреді

477

Өңірдегі мұғалімдерге қызметтік мансабын өсіруге жол ашылып отыр. 

Түркістандық ұстаздар Франция, Малайзия, Финляндияда білімін жетілдіреді Фото: freepik

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Түркістандық ұстаздар мен әдіскерлер Жапонияда Лессон стади әдісі, АҚШ-та инклюзивті білім беру, Қытайда техникалық және кәсіптік оқыту бағыттары бойынша тәжірибе алмасып қайтты. Жаңа оқу жылында да осы үрдіс жалғасын тауып, педагогтар Франция, Малайзия, Финляндия елдерінде арнайы тәжірибелік курстардан өтетін болады. Мұнда "Жайлы мектеп" пен "Мақсатты мектеп" ұстаздарына көбірек таңдау жасалады", - деді облыс әкімінің орынбасары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу