Түркістандық жастар Қазығұрт тауының шыңына Мемлекеттік Ту тікті

381

Бұл тау теңіз деңгейінен 1768 метр биіктікте орналасқан. 

Түркістандық жастар Қазығұрт тауының шыңына Мемлекеттік Ту тікті Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазығұрт ауданында жастардың қатысуымен ерекше патриоттық акция өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шыңға көтерілген соң, қатысушылар Мемлекеттік рәміздер туралы баяндама тыңдады. Ел тарихы мен тәуелсіздік жолындағы жетістіктерді еске алды. Әнұранды бірге орындап, естелік фотосессия жасады.

Іс-шараны аудандық "Жастар ресурстық орталығы" ұйымдастырды. Басты мақсат – жастар арасында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың бойындағы рухани-азаматтық сананы қалыптастыруда, елге деген адалдық пен белсенділікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу