Түркістандықтар электр энергиясына 29 млн теңге артық төлеген

713

Түркістандағы бірнеше көппәтерлі үйдің жылу энергия төлемін артық есептеген, деп хабарлайды inbusiness.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.  

Түркістандықтар электр энергиясына 29 млн теңге артық төлеген Фото: egemen.kz

"Түркістан қаласының 9 және 11 көшелерінде орналасқан көппәтерлі үйлердің тұрғындарының жылу энергиясын төлеу үшін шот-фактураға қатысты өтініштері қаралды. Департамент өкілдері "Жылу" МКК тұтынушылардан есептегіш құралдары арқылы емес, текше метр арқылы есептеу жүргізгенін анықтады. Өтінішті қарау қорытындысында "Жылу" МКК жоғарыда аталған үйлердің тұрғындарына жалпы сомасы 29 491 548,59 (Жиырма тоғыз миллион төрт жүз тоқсан бір мың бес жүз қырық сегіз теңге елу тоғыз тиын) теңгеге қайта есептеу жүргізді", - делінген хабарламада.

Елімізде Азаматтық кодекстің 488-бабына сәйкес, энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, энергияға ақы төлеу есепке алу аспаптарының көрсеткіштерiне сәйкес анықталады.

Абонент iс жүзiнде алған энергия мөлшерi үшiн, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу