Түркістандықтар енді автобусты ақылды аялдамада күтеді

1116

Түркістанда "ақылды" аялдамалар қойылуда.

Түркістандықтар енді автобусты ақылды аялдамада күтеді

Түркістан қаласының тұрғындары енді автобусты ақылды аялдамада күтеді. Қоғамдық орын қыста жылы, жазда салқын болады. Осындай жоспарымен бөліскен қала әкімі автобус паркін да іске қоспақ ниетте, деп хабарлайды otyrar.kz.

Рухани астананың да енді өз арбаты бар. Қала әкімі Рашид Аюповтың айтуынша осыған дейін бұл көше қараусыз жатқан. Бірақ бір айға жетпей қоқысқа толы орын тазаланып, бүгінде бұл аумақ тұрғындардың демалатын аймағына айналды. Тіпті тегін вай-фай да орнатылыпты.

Музыкалық субұрқақ Шығыс Қазақстан облысының тартуы. Гүл бейнесіндегі фонтан қала алаңының көркіне көрік қоспақ. Әзірге ол тек кешқұрым іске қосылады. Ал күндіз мұнда құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Түркістан қаласы әкімі бастауын алған бұл жобалар 2021 жылға дейін аяқталады. Екі ауысымда жұмыс істеп жатқан құрылысшылар нысандарды өндірістік кестеге сай тапсыру үшін барын салып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу