Түркістандықтар лимон өсіре бастады

1062

Түркістандықтар лимон өсіре бастады

Түркістан қаласына қарасты Иассы ауылдық округiндегі “Қанжiгiт” шаруа  қожалығының жылыжайында лимон өсiп тұр.

2015 жылдың желтоқсан айында егiлген цитрусты көшеттер осы жылдың күзінде өнiм бередi екен. Осындай жаңалықпен бөліскен “Қанжiгiт” ШҚ агрономы Б.Момынов "Лимон 40-60 жыл өмiр сүретін өсімдік. Алғашқы жемiсiн 2 немесе 3 жылда бередi. Өйткенi бұл баяу өседі. Сондықтан лимон өсіруде асқан шыдамдылық қажет. Кейде осындай күтіммен банан, киви сияқты тропикалық жемiстердi де жүрексінбей жылыжайларда өсiруге болатын сияқты", – деп жаңашыл ойларын жеткізді.

Б.Момынов лимон көшеттерiне күтiм жасауды жақсы меңгерген. Арнайы курстан дәрiс алған агроном 3 гектар жерге егілген лимон ағашынан алдағы уақытта мол өнiм алуды жоспарлап отырғанын айтады.   

Айта кетерлігі, “Қанжiгiт” ШҚ жылыжай кәсібін бастағанына бес жылдан асқан. 3 гектар жерге қызанақ пен қияр егіп отырған шаруа қожалық өкілінің айтуынша жылыжай аумағын кеңейтiп, өнiм түрлерiн көбейпек ниетте. Бүгiнде мұнда 30-ға жуық ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу