Тіркелмеген қару-жарақты ерікті түрде тапсырғандар ақшалай сыйақы алады, деп хабарлайды otyrar.kz.
Акцияны өткізген күннен бастап полицияға, Түркістан облысының тұрғындарынан қару-жарақ түрлерін ерікті түрде тапсыру туралы 80-нен астам өтініш түскен. Бүгінгі күнге дейін қару-жарақ иелерінен 132 дана оқты қару-жарақ тапсырылған, оның 16-сы – иір ойықты мылтық, ал 116 данасы – тегіс ұңғылы атыс құралы.
Тапсырылған қару-жарақтар сараптамаға жіберілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу