Түркістандықтар тіршіліктің тауқыметін тартып отыр

797

Осыдан 3 жыл бұрын құрылған Түркістан облысының әрбір оныншы тұрғыны кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүріп жатыр.  

Түркістандықтар тіршіліктің тауқыметін тартып отыр

Облыстағы 230 мың тұрғын кедейлердің қатарында, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

Статистикаға сүйенсек, Түркістан облысы халық ең тығыз қоныстанған аймаққа жатады. Өткен жылдың IV тоқсанының соңында облыста 2 млн-нан астам адам тұратыны анықталды. Бұл қазақстандықтардың жалпы санының 10,8%-ы.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев өткен айда былтыр тұрғындардың әлеуметтік жағдайы мен өмір сапасын жақсартуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру бағытында атқарылған шараларды тілге тиек еткенде 2020 жылдың 9 айының қорытындысында Түркістан облысында жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 729,2 мың теңгені құрағанын жариялады. Бұл еліміздегі барлық өңірлер арасындағы ең төменгі мән. 

Нақтылайтын болсақ, еліміздегі орташа көрсеткіштен 70,2% -ға төмен.

Облыста табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі еліміздегі 5,7% көлеміндегі орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары. 

Түркістандықтар жұмыссыздық көрсеткіші бойынша да қиын жағдайды бастан кешіріп отыр. Мұндағы теріс нәтиже – 5,3%. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу