Түркістан облысында полиция қызметкерлері тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзақ жолға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы – Ташкент – Термес тас жолы және Таразға баратын жол көктайғақ. Осыған байланысты Түркістан облысы ПД басшысы Мұрат Қабденов тәртіп сақшыларына тапсырма берді.
"Жол апатын болдырмау және жүргізушілерді ескерту жасау үшін жолдарды патрульдеуді жалғастырыңыздар. 19-29 наурызға дейін күшейтілген режимде қызмет атқарамыз", – деді Мұрат Қабденов.
Сондай-ақ ол облыс тұрғындарына және көлік жүргізушілеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзақ жолға шықпауға, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға кеңес берді.