Түркістанға "Hayat-Vax" вакцинасының 13 мың дозасы жеткізілді

901

Өңірде 200 мыңға жуық тұрғын коронавирусқа қарсы екпе салдырған.

Түркістанға "Hayat-Vax" вакцинасының 13 мың дозасы жеткізілді

Түркістан облысына "Hayat-Vax" екпесінің 13 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

1 ақпаннан бері өңірге COVID-19-ға қарсы вакцинаның 193 мыңнан аса дозасы жеткізілген.

"Бүгін облысқа "Hayat-Vax" вакцинасының 13 мың дозасы келді. Сондай-ақ аталған екпенің 17 мың дозасы (екінші компонент), "Спутник V" вакцинасының 11 мың дозасы жеткілді. Өңірде екпе тапшылығы байқалмайды", - деп жазылған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

COVID-19-ға қарсы екпені облыста 200 мыңға жуық тұрғын салдырса, вакцинаның екінші компонентін 50 мыңға жуық адам алған.

Қазіргі таңда өңірде 128 егу пункті жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, өткен тәулікте Түркістан облысында коронавирус жұқтырудың 39 дерегі тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу