Түркістанға көше бастайтын мекемелер тізімі жасалды

1002

Түркістанға көше бастайтын мекемелер тізімі жасалды

Кеше, 21 маусымда облыс мәслихатының кезекті 25-ші сессиясы өтті. Күн тәртібіне енгізілген 18 мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Облыстың бюджеті нақтыланды. Одан бөлек, былтырғы бекітілген қазына қаржысының орындалуы жөнінде облыстық тексеру комиссиясы сын ескертпелерін айтып, есеп мақұлданды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жекеменшік әріптестік жобалары бойынша да мемлекеттік міндеттемелер нақтыланды. Ал келесі сессия Түркістанда өтеді. Жаңадан тағайындалған Түркістан облысының әкімі осындай ұсыныс жасады. 

Жансейіт Түймебаев, Түркістан облысының әкімі: "Еліміздің астанасын Астанаға көшіру бойынша тәжірибе бар. Сондықтан тездетіп көшуді бастау қажет. Біз кеше Түркістандағы ғимараттарды көрдік, бірінші кезекте "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы, облыстық қоғамдық кеңес  көшуі тиіс. Облыс мәслихатының кезекті сессиясы  Түркістанда өтуі тиіс. Бой көтеретін әкімшілік-іскерлік орталығында  әкмішілік ғимараттардан бөлек, мәдени, әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер салынады. Түркістан  Қазақстанның Рухани  орталығы ретінде инвестициялардың тартылуына  зор мүмкіндік береді. Жаңа жұмыс орындары, діни орталықтар, Турксойдың филиалдары осы Түркістанда жайғасады. Айта кететін жәйт, жаңа әуежай, жаңа автовокзал  салынады. Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық дәлізі, теміржолы Түркістанның өзге мемлекеттермен экономикалық-іскерлік қарым қатынасты нығайтуға мол мүмкіндік береді".

Белгісіз болып тұрған бір жәйт ашық күйінде қалды. Ол — қаладағы 12 округтен сайланған облыс мәслихаты депутаттарының тағдыры. Белгілісі сол — ол бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Орталық сайлау комитетіне хат жолдаған. Жауап күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу