Түркістанға рейс ашуды ең бірінші болып Түркия тарапы растады

796

Түркиямен әуе қатынасы туралы келісімге қол жеткізілді.

Түркістанға рейс ашуды ең бірінші болып Түркия тарапы растады

Мемлекет башысының "ашық аспан" тапсырмасы аясында Түркия әуекомпанияларына жиілік бойынша шектеусіз және әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалану арқылы Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) тұрақты рейстер орындауға мүмкіндік берілді, деп хабарлады ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Түркия тарапы Нұр-Сұлтан мен Алматыға әуе қатынасын кеңейтуді қолдап отыр, сондай-ақ, Ақтау мен Қостанайға тұрақты рейстер ашуды жоспарлауда.

"Салынып жатқан әуежай пайдалануға берілгеннен кейін Стамбұл – Түркістан бағыты бойынша рейстерді ашуға алғашқы шетелдік әуе компаниялардың бірі болып қызығушылығын растады",– деп хабарлады баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу